АТУ Ректоры, ҚР ҰҒА Академигі Т.Қ.Құлажановтың 8 наурыз мерекесімен құттықтауы!
Қымбатты ханымдар!
Көктемнің шуақты мерекесі қарсаңында Сіздерді 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен - шын жүректен құттықтаймын!
8 наурыз – әйел затын, оның еңбегі мен ардақтты ана екендігін мадақтайтын мереке.
Сіздерге, қымбатты әйелдерімізге, сарқылмас мейірімділік үшін, жүрек жомарттығы үшін, әлемімізді шынымен жарқын, қуанышты және көктемге айналдыра білгендеріңіз үшін алғыс айтамыз.
Біздің университет қабырғасында 700-ге жуық әйел жұмыс істейді және 4500-ден астам студент қыздар оқиды. Университеттің дамуына қосқан үлестеріңіз, ғылыми және педагогикалық қызметтегі, оқудағы және шығармашылықтағы жоғары жетістіктеріңіз үшін шын жүректен алғыс айтамын. Біз Сіздердің ұжымда қолдау, өзара сыйластық, сүйіспеншілік пен үйлесімділік атмосферасын құрғандарыңызды бағалаймыз және мақтан тұтамыз.
Қымбатты ханымдар!
Біздің үлкен ұжымымыздың атынан Сіздерді 8 наурыз-Халықаралық әйелдер күнімен тағы да құттықтаймын.
Сізге және сіздің отбасыңызға, туыстарыңыз бен жақындарыңызға зор бақыт, денсаулық, еңбек пен оқуда табыс, үйде жылулық пен мейірімділік, жеке өмірде бақыт тілеймін. Өмір жолы ашық болып, сәттілік әрқашан серік болсын! Мереке құтты болсын!
ҚР ҰҒА академигі, ректор, Құлажанов Т.К.