АТУ экономика және бизнес факультетінің 2 курс студенті Алура Жайдарбекова каратэден Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.

АТУ экономика және бизнес факультетінің "Есеп және аудит" бағытындағы 2 курс студенті Алура Жайдарбекова @luuwxaz Самарқанд қаласында және Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен каратэден Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.

Алура спорт шеберіне кандидат, Қазақстан чемпионы (2022 ж. және 2024 ж.), Еуропа чемпионы (2024 ж.), Орталық Азия чемпионы (2024 ж.) және енді Азия чемпионы (2024 ж.)! "Bel-Bilek Combat" ұлттық жекпе-жек өнері Федерациясының Президенті Асқаров Дархан Шамшадинович пен факультет деканы Абдраимова Диана Байшагыловна Алураны кезекті жеңісімен құттықтады.

Алураны құттықтаймыз, оқуда жаңа жеңістер мен табыстар тілейміз!