АТУ-дың Тағам технологиялары факультетінің докторанттары Қытай Халық Республикасының Бейжің қаласындағы Бейжің технология және бизнес университетіне (BTBU) ғылыми тағылымдамаға аттанды
АТУ-дың Тағам технологиялары факультетінің докторанттары Қытай Халық Республикасының Бейжің қаласындағы Бейжің технология және бизнес университетіне (BTBU) ғылыми тағылымдамаға аттанды. Бұл сапар университеттер арасында қол қойылған «Қазақстан-Қытай технологиялар мен инновациялар дамыту орталығын құру туралы» келісім аясында жүзеге асырылуда. Аталған сапар пилоттық сипатқа ие, ал болашақта ғалымдармен өзара алмасу, бірлескен ғылыми зерттеулер мен жобалар жоспарлануда.
Жас ғалымдардың тағылымдама бағдарламасы докторанттардың ғылыми зерттеу бағыттарына сәйкес тағам технологиялары саласында тәжірибелік жұмыстар жүргізуді қамтиды. Тағылымдама нәтижесінде жас ғалымдар мен олардың ғылыми жетекшілері жоғары рейтингті ғылыми журналдарда бірлескен жарияланым дайындайтын болады. Оларға жемісті еңбек тілейміз!



