АТУ-да жарқын сән оқиғасы «Жас Өркен 2025» Халықаралық жас дизайнерлер байқауы өтті.

АТУ-да жарқын сән оқиғасы «Жас Өркен 2025» Халықаралық жас дизайнерлер байқауы өтті. "Жас Өркен" байқауын біздің университет 20 жылдан астам уақыттан бері өткізіп келеді жас дизайнерлер мен суретшілерге өз таланттарын көрсету үшін үлкен мүмкіндік. Бұл жылы байқауға Қазақстаннан, Қырғызстаннан, Қытайдан және Түркиядан 28 коллекция, 60-тан астам қатысушының 32 арт жұмысы ұсынылды.

«Жас Өркен» - өз жұмыстарыңызды кең аудиторияға ұсынып қана қоймай, сонымен қатар дизайн, сән индустриясы және бизнес саласындағы жетекші қазақстандық және шетелдік кәсіпқойлармен кездесудің үлкен мүмкіндік.

Қазылар алқасының құрамы:

@aigulkassymova Айгуль Касымова – АТУ түлегі, дизайнер, "AIGUL KASSYMOVA" брендінің негізін қалаушы

@irina_baizhanova Ирина Байжанова - "EURASIAN FASHION WEEK" бас продюсері, "MODELS PRODUCTION" модельдік агенттігінің негізін қалаушы

James Hyung Suk Kim - бренд дизайнер, профессор, "Интермарк" Халықаралық дизайн институтының деканы (Шанхай қ., Қытай).

Езиева Мариям Мухтаровна - Акдениз университетінің қауымдастырылған профессоры (Анталия қ., Түркия), phD, жоғары сән саласындағы халықаралық марапаттардың лауреаты, кәсіби fashion - дизайнер

Кэтрин Гольцман – «Goltsman models» модельдік агенттіктің бас директоры

Жетписбаева Жибек Батырбековна- Алматы қаласы әкімінің орынбасары

Кажденбек Азиз Оралбекұлы - Алматы қаласы жастар саясаты басқармасының басшысы

"Жас Өркен - 2025" жеңімпаздарын құттықтаймыз:

БАС ЖҮЛДЕ «Жас Өркен 2025», коллекция «КӨШ»  - Қармысова Диана, АТУ 

PRET-A-PORTE, 1 орын, коллекция " Возвращение к истоку" - Тұрғанбек Набира, АТУ

CREATIVE ART, 1 орын, «ТҰНБА» - Нұрланқызы Назерке, Көксебек Елана, О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі

De LUX, 1 орын, "Восточный ветер" - Одильжонова Мухтасар Валижонкизи, Наманган мемлекеттік техникалық университеті (Ташкент қ., Өзбекстан)

ЭТНО-ФЬЮЖН, 1 орын, «Рухани сәні» - Кәрімова Альмира, Алматы облыстық сервис және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар колледжі

АРТ-ДИЗАЙН, 1 орын, шығармашылық жұмыс «Рухты ару» - Ерқұл Жадыра, АТУ 

Барлық суреттер сілтемеден карай аласыздар