АТУ-да «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында құқық бұзушылықтардың алдын алу апталығы өтті
АТУ-да «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Алматы қаласы Полиция департаментінің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлері мен ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қатысуымен Құқық бұзушылықтардың алдын алу апталығы өткізілді.
Апта аясында студенттермен ақпараттық-түсіндіру кездесулері өткізілді, оның барысында есірткі қылмысының алдын алу, киберқауіпсіздік, қоғамдық тәртіп пен жеке қауіпсіздік, құқықтық жауапкершілік, қаржылық сауаттылық, сондай-ақ дропперлік схемаларға тартылудың алдын алу мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараларға қатысты:
- Полиция подполковнигі Темірбеков Бақтияр Қасымбайұлы – Жеке құраммен жұмыс басқармасы бастығының орынбасары;
- Полиция подполковнигі Көбеев Дәурен Асқарұлы – Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі;
- Полиция аға лейтенанты Пазил Айбатыр Бауржанұлы – Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі;
- Полиция подполковнигі Елеусізов Айтан Жанаманұлы – Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары;
- Мырзахан Жақсылық Саулетханұлы – ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі;
- Білдебаев Дулат Кайратұлы – ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аға жедел уәкілі.
Кездесу барысында студенттер мамандарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құқықтық қауіпсіздік, жауапкершілік және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша түсініктемелер ала алды.
Құқық бұзушылықтардың алдын алу апталығын өткізу студенттердің құқықтық мәдениетін арттыруға, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға және жастар ортасында құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша профилактикалық жұмысты күшейтуге ықпал етті.


