АТУ-да «тұрақты дамуға арналған Қазақстан-Қытай ғылыми зерттеулер орталығының» салтанатты ашылуы өтті
АТУ-де Хэнань қалалық құрылыс университетімен (HUUC, Қытай, Пиндиншань қ.) бірлесіп «Қазақстан-Қытай тұрақты даму жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығының» салтанатты ашылу рәсімі өтті.
АТУ-ге Хэнань қалалық құрылыс институтының (HUUC, Пиндиншань қ., Қытай) вице-президенті, профессор Сун Ючжоу бастаған делегация келіп, 2025 жылдың маусым айында Пиндиншань қаласында АТУ мен HUUC арасында қол қойылған келісім негізінде құрылған «Қазақстан-Қытай тұрақты даму жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығының» ресми ашылу рәсіміне қатысты.
АТУ мен Хэнань қалалық құрылыс университеті (HUUC) арасындағы ынтымақтастық 2024 жылы «Бір белдеу – бір жол» бастамасы аясында басталған болатын. Бұл әріптестік ғылыми зерттеулер мен профессор-оқытушылар құрамы және студенттер арасындағы академиялық өзара іс-қимылды қамтиды.
Қазіргі уақытта АТУ-дың 3 магистранты HUUC университетінде ғылыми-зерттеу тағылымдамасынан өтуде.







