АТУ-да «Тамақ, жеңіл өнеркәсіп және қонақжайлылық индустриясының инновациялық дамуы 2026» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
АТУ-да «Тамақ, жеңіл өнеркәсіп және қонақжайлылық индустриясының инновациялық дамуы 2026» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференция қазақстандық және шетелдік ғалымдарды, университеттер, ғылыми-зерттеу ұйымдары мен бизнес өкілдерін заманауи ғылыми-технологиялық сын-қатерлерді, пәнаралық зерттеулердің перспективаларын және өндіріске инновацияларды енгізуді талқылау үшін біріктірді.
Қатысушыларға құттықтау сөзін АТУ-дың бірінші проректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Нұрахметов Бауыржан Құмарғалиұлы арнады.
АТУ ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Таева Айгүл Маратовна модераторлық еткен пленарлық отырыс технологиялық дамудың және халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың негізгі бағыттарына арналды.
Пленарлық баяндамалармен сөз сөйлегендер:
- Элеманова Римма Шукуровна— Қырғызстаннан И. Раззақов атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университетінің ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры. Баяндамасында пәнаралық зерттеулер, инженерлік білім беруді дамыту және халықаралық ғылыми өзара іс-қимыл мәселелері қарастырылды.
- Шарман Алмаз Торегельдиевич — медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ тағамтану академиясының және Профилактикалық медицина академиясының президенті (Қазақстан). Адамның тамақтануы мен денсаулығы саласында жасанды интеллектіні қолдану перспективаларын ұсынды.
- Мустафа Мурат Кызанлыклы — профессор, Түркиядағы Анкара Хажы Байрам Вели университеті Туризм факультетінің деканы. Қонақжайлылық индустриясында жасанды интеллектіні қолдану мүмкіндіктерін, цифрландырудың халықаралық тәжірибесін және саланың заманауи технологиялық сын-қатерлерін қарастырды.
- Акимбекова Галия Уйсимбековна — экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ агроөнеркәсіптік кешен экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институты басқарма төрағасының орынбасары (Қазақстан). Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігі мен халықтың негізгі өнім түрлерімен қамтамасыз етілуіне талдау ұсынды.
- Амирханов Бауыржан Сайдашович — «DOCUMENT.KZ» компаниясының бас директоры (Қазақстан). Өнеркәсіптік өндірісте цифрлық технологияларды, цифрлық егіздерді және сапаны басқарудың интеллектуалды жүйелерін енгізудің практикалық аспектілерін баяндады.
Ғылыми пікірталас барысында ғылым мен өндірісті интеграциялауға, халықаралық зерттеу жобаларын дамытуға, жасанды интеллектіні енгізуге және экономикадағы жоғары технологиялық салалар үшін инженерлік кадрларды даярлауға ерекше назар аударылды.
Конференция жұмысы алты тақырыптық секцияда жалғасын тауып, онда ғылыми зерттеулердің нәтижелері ұсынылып, тамақ және жеңіл өнеркәсіпті, қонақжайлылық индустриясы мен білім беруді дамытудың перспективалық бағыттары талқыланды.
Конференция қорытындысы бойынша одан әрі жүргізілетін зерттеулердің, ғылыми ынтымақтастықтың және инновациялық әзірлемелерді енгізудің басым бағыттарын айқындайтын қарар қабылданды.
Халықаралық конференция ғылыми байланыстарды нығайтуға, озық тәжірибе алмасуға және Қазақстанның технологиялық әрі инновациялық әлеуетін дамытуға бағытталған жаңа бастамаларды қалыптастыруға арналған маңызды алаңға айналды.









