АТУ-да «Тамақ өнеркәсібіндегі молекулалық биологияның заманауи әдістері» тақырыбында семинар өтті
АТУ-да «Биорад» компаниясының (АҚШ) өнім жөніндегі маманы, химия ғылымдарының кандидаты Рафилб Хайруллиннің «Тағам өнеркәсібіндегі молекулярлық биологияның заманауи әдістері-Протеомика мектебі» тақырыбында семинар өтті. Іс-шараға университетіміздің оқытушылары, жас ғалымдары, докторанттары мен магистранттары қатысты.
Рафиль Хайруллин тыңдаушыларға сүт, астық және ашыту өнімдерінің сапасын талдаудың заманауи әдістемелері, микробиология саласындағы озық тағамдық биотехнологиялар мен әзірлемелер, сондай-ақ «Биорад» компаниясы шығаратын қоспалар өндірісінің түрлері мен ерекшеліктерін айтып берді.
Сондай-ақ, семинар аясында рекомбинантты ақуызды тазарту және Bio Rad Mini Protean жүйесімен жылдам электрофорездің практикалық көрсетілімі өтті.
Семинардың барлық қатысушыларына курстан өткені туралы сертификаттар берілді. Іс-шараны АТУ Ғылым басқармасы мен АТУ Жас ғалымдар кеңесі ұйымдастырды.