АТУ-да «Тағам өнімдерінің технологиясы» кафедра күні атап өтілді

Алматы технологиялық университетінің №2 жатақханасында «Тағам өнімдерінің технологиясы» кафедрасының күні өтті. Іс-шараға «Тағам технологиялары» факультетінің басшылығы және кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.

Дәстүрлі жыл сайынғы іс-шараны ұйымдастырудың басты мақсаты - кафедра ұжымын білім алушылармен, кафедра қызметінің бағыттарымен, оның білім беру траекторияларымен таныстыру. Студенттер үшін тағам өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге қойылған азық-түліктер университеттің ет, сүт өңдеу оқу-ғылыми орталықтарында, қоғамдық тамақтандыру өнімдері мен консервіленген өнімдер зертханаларында әзірленген.

Кафедраның белсенді студенттері концерттік бағдарлама дайындады. Кафедра меңгерушісі А. М. Таева өзінің құттықтау сөзінде «Студенттердің университетте оқып жүрген кезіндегі басты міндеті – терең білім алу және өз ісінің жақсы маманы болу!»- екендігін анықтап айтты.