АТУ-да мансап кураторлары үшін «Түйіндемені талдау және сараптау» тақырыбы бойынша мастер-класс өтті
АТУ-да бакалавриат түлектерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу және постдипломдық сүйемелдеу жөніндегі Жол картасы аясында мансап кураторларына арналған «Түйіндемені талдау және сараптау» тақырыбында мастер-класс өтті.
Спикерлер ретінде «EFES Kazakhstan» компаниясының таланттарды басқару бөлімінің басшысы Валерия Волкова және АТУ-дың Адам ресурстарын дамыту департаментінің басшысы Медеубаева Жанар Мирасовна сөз сөйледі.
Мастер-класстың мақсаты – мансап кураторларының студенттер мен түлектердің түйіндемелерін талдау, олардың күшті және әлсіз тұстарын анықтау, сондай-ақ еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ұсыныстар беру бойынша практикалық дағдыларын дамыту болды.
Іс-шараны АТУ-дың Мансап орталығы ұйымдастырды.

