АТУ-да «История-тағылым - Өмір тағзым» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды

Алматы технологиялық университетінде "Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер" кафедрасы және ғылыми кітапхана саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған "Тарих-тағылым-Өмір тағзым" тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Іс-шараға АТУ Жастар кеңесінің төрағасы, Санжар Саянұлы, "Құқықтық қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл басқармасының" бастығы, Есембаева Балзада Амангелдиевна, "Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер" кафедрасының меңгерушісі ,Токенова Капиза Токеновна, "Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер" кафедрасының профессоры, Закарьянова А. К., "Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер" кафедрасының қауымдастырылған профессоры қатысты. "Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер" кафедрасының лекторы, п.ғ.к., Ахатаева Г.Б., "Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер" кафедрасының сениоры, с.ғ.к., Әшімова З.И., "Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер" кафедрасының сениор лекторы, т.ғ.к., Давлетова Г.А., "Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер" кафедрасының сениор лекторы, PhD докторы, Маликов Б.У. және Дизайн, текстиль және киім технологиялары факультетінің 2 курс студенттері.