АТУ-да ФПТ студенттері үшін «Efes Kazakhstan» техникалық директорының қонақ дәрісі өтті
АТУ-да "Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы" бағытында оқитын Тағам технологиялары факультетінің студенттері үшін "Efes Kazakhstan" техникалық директоры Федаи Джошкун мен "Efes Kazakhstan" сыра қайнату және технологиялар бөлімінің басшысы Оксана Гадиеваның қонақ дәрісі өтті.
"Efes Kazakhstan" өкілдері біздің студенттерге кәсіпорын туралы, өндіріс процесі және өндіріс кезеңдерімен, жаңа брендті әзірлеу туралы қызықты мәліметтермен, сондай-ақ "Efes Kazakhstan" - да тағылымдамадан өту мүмкіндіктерімен бөлісті.
Біз Федаи Джошкун мен Оксана Гадиеваға қызықты дәріс үшін алғыс айтамыз және жаңа кездесулер мен бірлескен іс-шараларды күтеміз!
Іс-шара АТУ Қамқоршылық кеңесінің төрағасы және АТУ Мансап орталығы қолдауымен ұйымдастырылды.
607202 Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы
АТУ коды 053
АТУ-ға түсіңіз!!! Ең үздік білімді таңдаңыз!!!
Толығырақ: +7 707 221 88 08, +7 (727) 221 88 08