АТУ-да «Evdeavour» корпоративтік сән студиясының директорының қонақтық дәрісі өтті
Дизайн, текстиль және киім технологиялары факультетінің студенттеріне «Evdeavour» корпоративтік сән ательесінің директоры Вяткона Инга Рихардовнаның «Бұйым жолы: эскизден дайын өнімге дейін. Иллюзиясыз» тақырыбында қонақ дәрісі өтті.
«Endevour» компаниясы нарықта 20 жылдан бері табысты жұмыс істеп келеді және жыл сайын 250 мыңнан астам стильді әрі сапалы киім өнімдерін шығарады. Кәсіби мамандар командасы мен өндірістік мүмкіндіктер дизайн-жобадан бастап үлгі дайындау, шикізат пен аксессуарларды жеткізу, толық өндіріс үдерісі, сондай-ақ басып шығару немесе кесте арқылы безендіруге дейінгі толық циклді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Инга Рихардовна өз кәсіпорнындағы өндірістік үдеріс туралы айтып, жеке тігін мен масс-маркет арасындағы айырмашылықтарды жан-жақты түсіндірді. Ол масс-маркеттің өндірістегі маңызды әрі күрделі бағыт екенін атап өтті. Сонымен қатар дәріс барысында өндіріс саласындағы дизайнер жұмысының ерекшеліктері, эскиз жасау құралдары мен олардың айырмашылықтары, саладағы инновациялар, өндірісті автоматтандыру және маталардың сапасын зерттеу арқылы дұрыс таңдау мәселелері кеңінен қарастырылды.
Іс-шара АТУ Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Сабралиева Марина Дүйсенғалиқызының ұйымдастыруымен өтті.

