АТУ-да дизайн индустриясындағы болашақ мамандықтары туралы қонақ дәрісі өтті

АТУ-дың Дизайн, текстиль және киім технологиялары факультетінің студенттері үшін Қазақстан Республикасы жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының (@aplp.kz) құрылтайшысы және вице-президенті, Қазақстан Іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі, Алматы қаласы әкімдігі жанындағы Өңірлік кеңестің мүшесі Ахшабаева Наталья Тохтарбаевна қатысуымен қонақ дәрісі өтті.

Дәрістің тақырыбы: «Болашақ мамандықтар атласы: Қазақстан индустриясындағы дизайнердің жаңа рөлі. Креативтен технологияға, идеядан экономикаға дейін».

Ахшабаева Наталья Тохтарбаевна Қазақстандағы жеңіл өнеркәсіптің қалыптасуы мен ерекшеліктері, саланың қазіргі даму үрдістері туралы баяндап, инновациялар, апсайклинг және технологиялар трансфері жөнінде жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар, студенттер саланың сабақтас бағыттарының дамуы, цифрлық сәннің қолданылуы мен оның артықшылықтары туралы білді.

Дәріс барысында спикер ательелер санының арту тенденциясын атап өтіп, бұл құбылыстың масс-маркеттен шаршау және тұтынушылардың эксклюзивтілікке ұмтылуымен байланысты екенін жеткізді. Бұл өз кезегінде білікті мамандарға деген сұранысты едәуір арттырады.

Сондай-ақ, Ахшабаева Наталья Тохтарбаевна қазіргі экономика жағдайында конструктор және технолог мамандықтарының аса жоғары сұранысқа ие екенін ерекше атап өтті.