АТУ-да «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында қонақ дәрісі өтті

АТУ Ақпараттық технологиялар факультетінің студенттеріне Алматы қаласының Дін мәселелерін зерттеу орталығының мүшесі, философия ғылымдарының кандидаты Кантарбаева Жанна Уринбасарқызының «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында қонақ дәрісі өтті.
Дәріс барысында тыңдаушыларға деструктивті діни ағымдардың белгілері, экстремистік идеяларды тарату әдістері, сондай-ақ ұлттық және діни құндылықтардың өзара байланысы туралы ақпарат ұсынылды. Сарапшы конфессияаралық бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету мақсатында халықтың жалпы мәдениеті мен білім деңгейін арттырудың, құқықтық сананы дамытудың, сондай-ақ отбасы мен қоғамдағы толеранттылық дәстүрлерін нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
Іс-шараны «Компьютерлік инженерия» кафедрасы ұйымдастырды.