АТУ-да Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері арасында XVIII Республикалық пәндік олимпиаданың II кезеңі өтуде.
АТУ-да Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері арасында XVIII Республикалық пәндік олимпиаданың II кезеңі өтуде.
Олимпиада еліміздің түкпір-түкпірінен келген үздік студенттерді біріктіріп, білім мен кәсіби дағдыларды сынайтын маңызды алаңға айналды.
Олимпиада еліміздің жетекші жоғары оқу орындарын біріктірді: 19 университет, 25 команда, 82 қатысушы.
Негізгі бағыттар:
Азық-түлік өнімдерінің өндірісі – 12 команда, 40 қатысушы
Тоқыма: киім, аяқ киім және былғары бұйымдары – 6 команда, 18 қатысушы
Химиялық инженерия және процестер – 7 команда, 24 қатысушы
Олимпиада – бұл тек жарыс емес, бұл тәжірибе, даму және болашаққа жасалған маңызды қадам!
Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз! Жеңіс пен жоғары нәтижелер серік болсын!












