АТУ-да «Шин-Лайн» компаниясының қонақ дәрісі өтті
Тамақ технологиялары факультетінің студенттері үшін «Балмұздақ технологиясы» тақырыбында «Шин-Лайн» компаниясының өндіріс директоры Райымкулова Алтынай Абдрахмановнаның қонақ дәрісі өтті.
«Шин-Лайн» компаниясы - 2002 жылы негізі қаланған, Қазақстан мен Орталық Азиядағы балмұздақ өндіретін ең ірі компаниялардың бірі. Компания 25 жылға жуық уақыт бойы тұтынушылар сүйіп жейтін балмұздақтың ең кең ассортиментін шығарып, салада көшбасшы орын алып келеді.
Алтынай Абдрахмановна заманауи өндіріс технологиясы мен жабдықтар, шикізат пен ингредиенттерді іріктеу, өндірістік үдеріс, сондай-ақ «Шин-Лайн» компаниясының ауқымы мен жетістіктері туралы баяндады.
Іс-шараны АТУ Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Сабралиева Марина Дүйсенғалиевна ұйымдастырды.

