АТУ ғалымдарының ғылыми жобасы аясында «Халал» сертификаттау мәселелері бойынша халықаралық сарапшымен кездесу өтті

№ DP23692324 «Тритикале сорттарын пайдалану арқылы функционалдық қасиеттері жоғары ұлттық макарон өнімдерін (кеспе, лапша, лағман) өндірудің инновациялық технологияларын коммерцияландыру» жобасы аясында «Халал» стандарттары бойынша өнімді сертификаттау мәселелері бойынша халықаралық сарапшы, тағам инженері/жетекші аудиторы GİMDES техникалық комитетінің мүшесі  Mehmet Bayar мырзамен жұмыс кездесуі өтті.

Кездесу ЖШС «Bal Halal» өндірістік базасында өтті, онда сертификаттау рәсімінің негізгі кезеңдері, өнімге қойылатын халықаралық талаптар мен стандарттар, сондай-ақ «Халал» нормаларына сәйкес өндірістік процестерді ұйымдастыру ерекшеліктері талқыланды.

Өндірістік бақылау, шикізат пен дайын өнімнің қадағалануын қамтамасыз ету, санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау, сондай-ақ ішкі аудит жүйесін енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Кездесуге қатысушылар кәсіпорынды сертификаттауға дайындау тетіктерін, құжаттамаға қойылатын талаптарды, сақтау және логистика шарттарын, сондай-ақ «Ұлттық макарон өнімдері» инновациялық өнімдерінің экспорттық әлеуетін арттыру жөніндегі алдағы қадамдарды талқылады.

Айта кету керек, сертификаттау аудитінің бірінші кезеңі сәтті өтті.

«Халал» сертификатын алу ЖШС «Bal Halal» компаниясы мен « Ұлттық макарон өнімдері» жобасына халықаралық нарықтарда жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұл «Халал» стандарттары міндетті болып табылатын аймақтарға, атап айтқанда Таяу Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне қолжетімділікті қамтамасыз етеді және клиенттер базасын айтарлықтай кеңейтеді.

Сертификаттау өнімнің сапасын жақсартуға және тұтынушылар тарапынан сенімділікті арттыруға ықпал етеді, бұл өнімді бәсекеге қабілетті етеді. Ішкі аудит жүйесін енгізу және қатаң өндірістік стандарттар процестердің тұрақтылығы мен тиімділігін қамтамасыз етеді, бұл ұзақ мерзімді перспективада өндірістік шығындарды оңтайландыруға және өнім сапасын жақсартуға әкеледі.

Арнайы алғысымызды жобаны іске асырудағы ынтымақтастығы мен қолдауы үшін ТОО «Bal Halal» атқарушы директоры Тәжібаева Римма Данабайқызына және АҚ «Ғылым қорына» білдіреміз.