АТУ ғалымдары Лондонда өткен халықаралық конференцияда ғылыми зерттеу нәтижелерін ұсынды

Лондон қаласында өткен IRES International Conference on Food and Agricultural Engineering халықаралық конференциясы тағам технологиялары мен агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың өзекті мәселелерін талқылауға арналған маңызды ғылыми алаңға айналды.

Конференция барысында Алматы технологиялық университетінің ғалымдары өсімдік және жануар тектес шикізатты өңдеудің инновациялық технологиялары саласындағы ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін ұсынды. Зерттеулер жаңа буын тағам өнімдерін әзірлеуге, шикізат ресурстарын тиімді пайдалануға және агроазық-түлік жүйелерінің тұрақты даму қағидаттарын іске асыруға бағытталған.

АТУ халықаралық ғылыми ынтымақтастықты белсенді түрде дамытып, заманауи тағам технологияларының дамуына өз үлесін қосуда және қазақстандық ғылым жетістіктерін әлемдік деңгейде ілгерілетуді жалғастыруда.