АТУ ғалымдары «Ет өнеркәсібі. Тауық Патшасы. Суық индустриясы үшін АӨК/MAP Russia 2024» көрмесіне қатысты
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Алматы технологиялық университетінің ғалымдары Ресейдің Мәскеу қаласында "Крокус Экспо" халықаралық көрме орталығының алаңында өткен «Ет өнеркәсібі. Тауық Патшасы. Суық индустриясы үшін АӨК/MAP Russia 2024» көрмесіне қатысты. Көрме қауіпсіз және сапалы өнім өндіруге мүмкіндік беретін озық технологияларды, инновациялық жабдықтарды, ет өнеркәсібі мен құс шаруашылығына арналған комплектілерді көрсету үшін маңызды салалық алаң болып табылады. Іс-шараға әлемнің түкпір-түкпірінен 300-ге жуық компания, оның ішінде Қазақстаннан 180 кәсіпорын қатысты.
Көрмеде Алматы технологиялық университетіне жоғары наградалар табыс етілді:
АЛТЫН МЕДАЛЬ
Коллаген гидролизаттарын қолдана отырып, функционалды ет өнімдерінің инновациялық технологиясын әзірлеу
Авторлары: Т.К. Құлажанов, Я.М. Узаков, К.К. Макангали, М.А. Калдарбекова, Р.Б. Мухтарханова, А. Тортай.
АЛТЫН МЕДАЛЬ
Екінші санаттағы қосалқы өнімдерден коллаген гидролизаттарын алудың инновациялық технологиясын әзірлеу
Авторлары: Я.М. Узаков, К.К. Макангали, М.О. Кожахиева, Н.Л. Вострикова, Г.К. Кузембаева, А.М. Айтбаева.