АТУ-ға Tongmyong University делегациясы ресми сапармен келді
АТУ-ға (Пусан қ., Корея Республикасы) орналасқан Tongmyong University делегациясы келді. Делегация құрамында Сұлулық индустриясы және өнер колледжінің деканы, профессор Sarah Tae Dong Sook, Халықаралық байланыстар департаментінің маркетинг менеджері Joo Young мырза және Халықаралық істер офисінің қызметкері Jang Min Young ханым болды.
Сапар аясында университет басшылығымен кездесу өтіп, ынтымақтастықтың негізгі бағыттары талқыланды. Атап айтқанда, Tongmyong University базасында «K-Beauty» және АТУ базасында «Парфюмериялық-косметикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламалары бойынша қос дипломды білім беру бағдарламаларын іске қосу мәселелері қарастырылды.
Келіссөздер барысында АТУ-дың ғылыми әлеуеті мен Оңтүстік Кореяның beauty-индустриясындағы озық тәжірибелік әдістемелерін біріктіретін интеграцияланған қос дипломды білім беру бағдарламасын бірлесіп әзірлеуді бастау жөнінде келісімге қол жеткізілді. Кездесу қорытындысы бойынша университеттер арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылып, ол ұзақ мерзімді әріптестік пен академиялық алмасуды дамытуға берік негіз қалады.
Tongmyong University – Азиядағы танымал жоғары оқу орындарының бірі. Университет QS World University Rankings 2026 халықаралық рейтингіндегі өз позицияларын тұрақты түрде нығайтып келеді. Tongmyong University-дің Сұлулық индустриясы және өнер колледжі бакалавриаттан докторантураға дейінгі толық білім беру циклін ұсынады және бірегей ғылыми-зерттеу зертханалары мен заманауи студиялармен жабдықталған.







