АТУ-ға "Ляонин мұнай-химия университетінің" делегациясы келді

АТУ-ға "Ляонин мұнай-химия университетінің" (Liaoning Petroleum (Shihua) University, LPU, Қытай Халық Республикасы, Фушун қ.) делегациясы ректор, профессор Чанъи Го, халықаралық білім колледжінің деканы, Сяолян Лю, халықаралық кеңсенің басшысы, профессор Сяньмин Конг келді.

Сапар барысында АТУ басшылығымен кездесу өткізілді, онда іргелес бағыттар бойынша қос дипломдарды жүзеге асыру үшін студенттердің академиялық ұтқырлығы бағыттары бойынша Университеттердің ынтымақтастығы, АТУ және LPU студенттерін магистратурада оқыту, қонақ дәрістері мен тағылымдамалары, сондай-ақ ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастық, ғылыми конференциялар мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын бірлесіп ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Кездесу қорытындысында тараптар өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойып, оқыту және ғылыми қызмет саласындағы кооперация тақырыптары бойынша одан әрі байланыстар туралы келісті.