АТУ-ға Халықаралық Туризм және қонақжайлылық университетінің делегациясы келді

Біздің университетке сапармен Стратегиялық жоспарлау және коммерцияландыру бөлімінің бас маманы - Жақысылық Орынбасар Ерболатұлы, Әлеуметтік – мәдени даму бөлімінің бастығы - Бейсембаева Динара Елгеевна, Қонақжайлылық мектебінің аға оқытушысы – Туркеева Эльмира Мырзаханқызы құрамында Халықаралық туризм және қонақжайлылық университетінің (Түркістан қ.) делегациясы келді.

АТУ мен ХТжҚУ арасында 2023 жылы ынтымақтастық және тәжірибе алмасу туралы Меморандумға екі тараптық қол қойылған. Аталған меморандум аясында ХТжҚУ делегациясы үшін АТУ оқу корпустары бойынша экскурсия және университеттің материалдық-техникалық базасымен танысу өткізілді.

Сапар аясында ХТжҚУ өкілдері АТУ басшылығымен, Эндаумент Қорының директорымен, Экономика және бизнес факультетінің деканымен және "Туризм және сервистік қызмет көрсету" кафедрасының меңгерушісімен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесуде қос дипломды білім беруді дамыту, сондай-ақ гастро-мектеп жобасын одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.