Алматы технологиялық университетіне Малайзия, Утар университетінің (UUM) делегациясы келді.
Алматы технологиялық университетіне Малайзия, Утар университетінің (UUM) делегациясы келді. Делегацияны UUM профессорлар кеңесінің төрағасы, доктор Ратна Аванг-Хашим бастады.
Сапар аясында АТУ басшылығымен, факультет декандарымен және құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен кездесу өтті. Кездесуде ғылым және білім саласындағы ынтымақтастық, сондай-ақ тәжірибе алмасу мүмкіндіктері талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша студенттер мен профессор-оқытушылар құрамының академиялық алмасуы саласында одан әрі ынтымақтастық орнату бойынша ниет хатын дайындау туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді. Сондай-ақ, қонақтар үшін студенттерге қызмет көрсету орталығы және ATU Inn оқу мейрамхана-қонақ үй кешені бойынша экскурсия ұйымдастырылды.