Алматы технологиялық университеті Қытай–Орталық Азия университеттері қауымдастығының толыққанды мүшесі атанды
Алматы технологиялық университеті Қытай–Орталық Азия университеттері қауымдастығының толыққанды мүшесі атанды. Қауымдастық құрамына Чжэцзян ғылыми-технологиялық университеті (Zhejiang Sci-Tech University, Ханчжоу қ., Қытай), Ташкент тоқыма және жеңіл өнеркәсіп институты (Өзбекстан Республикасы), Тарим университеті (Tarim University, Алтай қ., Қытай), Наманган мемлекеттік техникалық университеті (Өзбекстан Республикасы), Самарқанд мемлекеттік сәулет және құрылыс университеті (Өзбекстан Республикасы), Өзбекстанның табиғи талшықтар жөніндегі ғылыми-зерттеу институты (Өзбекстан Республикасы) және АТУ (Қазақстан) кіреді.
Қауымдастықтың мақсаты — Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы жоғары білім беру, ғылым, тоқыма және материалдар технологиялары салаларында жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесу.
Консорциум алдына қойылған міндеттер:
• халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті, жоғары білікті тоқыма саласының мамандарын бірлесіп даярлау және дамыту;
• озық ғылыми зерттеулер мен технологиялық әзірлемелерді бірлесіп жүргізу, сондай-ақ ғылыми және технологиялық жетістіктерді практикаға енгізуге ықпал ету;
• өзара түсіністік пен достықты нығайту мақсатында студенттер мен оқытушылар алмасуын, сондай-ақ мәдени өзара тәжірибе алмасуды дамыту;
• өңірлік тоқыма өнеркәсібін жаңғыртуға, қатысушы елдердің экономикалық және әлеуметтік дамуына жәрдемдесу.



