Академиялық ұтқырлық шеңберінде «Шетелдегі семестр» бағдарламасы бойынша конкурс жариялаймыз
ҚР БҒМ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ ШЕҢБЕРІНДЕ «ШЕТЕЛДЕГІ СЕМЕСТР» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙМЫЗ
«Алматы технологиялық университеті» АҚ «2024 жылға арналған академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелде оқу үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары бойынша орындар санын бекіту туралы» ҚР Ғылым және жоғарғы білім министрінің 2024 жылғы 15 ақпан №116 бұйрығына сәйкес, академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде конкурсқа қатысуға мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша, 2023 - 2024 оқу жылының бірінші семестрінде Еуропа елдерінің серіктес университеттер базасында білім алу үшін 5 (бес) орынға үміткерлерді таңдау бойынша байқау жариялайды.
Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:
✅ Академиялық үлгерімі бойынша деңгейі 3,5 және одан жоғары;
✅ Шет тілін В2 және одан жоғары деңгейде білу, мүмкіндігінше шет тілін білуді бағалаудың халықаралық жүйелері (IELTS, TOEFL және т.б.) арқылы алынған сертификаттың болуы.
Конкурсқа қатыса алады:
???? 1 және 2 курс студенттері (бакалавриат).
Өтінімдер 2024 жылғы 11 наурыздан кешіктірілмей Халықаралық қатынастар және академиялық ұтқырлық басқармасында (НОҚ, 703 кабинет) қабылданады.
Бағдарлама жабатын шығындардың түрлері:
➡️ екі жаққа ұшу;
➡️ тұру (жатақхана);
➡️ медициналық сақтандыру;
➡️ визалық қолдау.
«АТУ» АҚ Халықаралық қатынастар және академиялық ұтқырлық басқармасы, Негізгі оқу корпусы, 7 этаж, 703 каб.
Толық ақпарат: +77272927716 (ішкі. 189), +77071468892
????????????????????????????????