AI-week: студенттік идеялар конкурсы
Қазақстандағы Жасанды интеллект апталығы: АТУ студенттерінің идеялар конкурсының қорытындысы
Қазақстанда ғылым мен технологияларды, әсіресе жасанды интеллект саласын дамыту және насихаттау, сондай-ақ еліміздің жаһандық ғылыми-технологиялық кеңістікке интеграциясын қамтамасыз ету мақсатында Жасанды интеллект апталығы өтті. Бұл бастама ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің тапсырмасымен ұйымдастырылып, білім мен тәжірибені алмасу, жетістіктерді көрсету және студенттер, оқытушылар мен зерттеушілерді ЖИ технологияларын зерттеуге және қолдануға тарту платформасы ретінде қызмет етуге бағытталған.
Университет бұл маңызды бастаманы белсенді түрде қолдады. ЖИ апталығы аясында «Ақпараттық жүйелер» кафедрасы «AI-week: студенттік идеялар конкурсы» атты студенттік жұмыстар байқауын ұйымдастырды және өткізді.
Конкурстың мақсаты – жасанды интеллект технологияларын практикалық қолдануға бағытталған үздік студенттік жобаларды анықтау және қолдау.
Интеллектуалдық сайысқа әр түрлі курстардан 10 команда қатысты. Барлық ұсынылған жобалар студенттердің жоғары деңгейдегі дайындығын, шығармашылық қабілетін және қазіргі заманғы ең перспективалы технологияларға қызығушылығын көрсетті.
Конкурс жеңімпаздары:
1 орын: Алимов Казибек Құролбойұлы – ИС 22-11 ПОИС және Тайлекен Әділ Аскарович – ИС 22-11 ПОИС (жүлде қоры – 50 000 теңге)
2 орын: Келіс Айбол Айдосович – ИС-23-11 ТиПО ПОИС (жүлде қоры – 30 000 теңге)
2 орын: Қалдыбек Нышангүл Нұрғалиевна – ИС 22-12 ПОИС және Керімбекова Мунира – ИС 22-12 ПОИС (жүлде қоры – 30 000 теңге)
3 орын: Еркінбек Батыр Дастанович - ИС-23-11 ТиПО ПОИС (жүлде қоры – 20 000 теңге)
3 орын: Турген Нұрлыбек Сабитович – ИС-23-11 ТиПО ПОИС (жүлде қоры – 20 000 теңге)
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға жарқын идеялары мен жоғары деңгейдегі жобалары үшін алғыс білдіреміз! Мұндай іс-шараларды өткізу университетіміздің Қазақстанның цифрлық экономикасына кадрлар дайындайтын орталық ретіндегі беделін арттырып, жастардың жоғары технологиялар саласындағы ғылыми әлеуетін дамытуға ықпал етеді.





