21204 – Тағам ғылымы және технологиясы мамандығының Қауымдастырылған профессоры (доценті) ғылыми атағын беруімен құттықтаймыз!!!
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасы бұйрығымен біздің әріптестерімізге 21204 – Азық-түлік ғылымы және технологиясы ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілді:
1) Набиева Жанар Серикболовнаға – PhD, Тамақ қауіпсіздігін ғылыми-зерттеу институтының директоры, Тағамдық биотехнология кафедрасының қауым. профессоры;
2) Тлевлесова Динара Абаевнаға - PhD, Тағам өнімдерінің технологиясы кафедрасының қауым. профессоры;
3) Матибаева Айнур Ибраевнаға – т.ғ.к., Тағам өнімдерінің технологиясы кафедрасының қауым. профессоры;
4) Жексенбай Нуршашқа - PhD, Тағам өнімдерінің технологиясы кафедрасының қауым. профессоры.
Әріптестерімізді құттықтаймыз! Сіздерге оқу және ғылыми қызметте толағай табыстар мен жоғары жетістіктер тілейміз!