17 мамырда АТУ «Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары үшін кадрлар даярлау: даму мәселелері мен векторлары» форумын өткізеді
2024 жылғы 17 мамырда Алматы технологиялық университеті "Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары үшін кадрлар даярлау: даму мәселелері мен векторлары" форумын өткізеді.
Форумның мақсаты текстиль және жеңіл өнеркәсіп үшін білікті мамандарды даярлаудың өзекті мәселелерін талқылау, мемлекеттік органдардың, салалық одақтар мен қауымдастықтардың, бейінді кәсіпорындар мен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының өзара іс-қимылын оңтайландыру стратегиясын әзірлеу болып табылады.
Форум бағдарламасына сындарлы диалог пен идеялар алмасуға ықпал ететін бағдарламалық баяндамалар мен панельдік пікірталастар кіреді.
Іс-шара мемлекеттік органдар, салалық одақтар мен қауымдастықтар, бейінді кәсіпорындар мен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары арасындағы кадрларды даярлау мен еңбек нарығында түлектердің сұранысы арасындағы теңгерімсіздікті жою мақсатында коммуникацияларды нығайтуға бағытталған.
Форум Спикерлері:
- Құлажанов Талғат Құралбекұлы, РОӘК ОӘБ төрағасы
- Панбаев Азамат Серикович, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитетінің төрағасы
- Көбенова Гүлзат Исбасарқызы, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім Комитетінің төрағасы
- Жанкуатов Галимжан Жандосулы, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті төрағасының міндетін атқарушы
- Нуржан Абілхайыр, "KAZAKH INVEST "Ұлттық компаниясы" АҚ Инвестициялар тарту және маркетинг департаментінің директоры
- Аскар Алмат, "Атамекен" ҰКП Өңдеу өнеркәсібі департаментінің басқарушы директоры
- Езиева Мариям Мухтархановна, Akdeniz University профессоры (Түркия)
- Уахитова Гулмира Бекеновна, "QazTextileIndustry "Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының Ұлттық бірлестігі" заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер одағы өзін-өзі реттейтін ұйымының Басқарма төрағасы
- Кадыркулова Алмагуль Карашевна, "ADAL KYZMET GROUP" ЖШС Бас директоры
- Жамалов Бауржан Салдарович, "AZALA Textile" ЖШС компаниясының құрылтайшысы
- Вяткина Инга Рихардовна, "ENDEAVOUR" ЖШС директоры
Күні: 17 мамыр 2024
Уақыты: 09:00-17: 00
Өтетін орны: Төле би көшесі, 100, Алматы технологиялық университетінің бас оқу корпусы.