Ғылыми-тәжірибелік қызметі

«Ақпараттық жүйелер» кафедрасының ғылыми-педагогикалық әлеуеті

Кафедрада ҚР Ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығында тіркелген 2 бастамашылық тақырып бойынша ғылыми зерттеулер жүргізілуде:

  1. Электрондық құжат айналымын кешенді қорғау. Жетекшісі: т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Қазангапова Б.А. Орындаушылар: оқытушы Молдакалыкова А.Ж., сениор-лектор Төлеушева А.Т.
  2. Инфрақұрылымға арналған зияткерлік ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелерді әзірлеу. Жетекшісі: Тогжанова К.О. ҒЗЖ орындаушылары: қауымд. профессор, PhD Қашаганова Г.Б., сениор-лектор, магистр Керімбаева В.Ж., сениор-лектор, магистр Айтбаева Р.Б., сениор-лектор, магистр Имансакипова А.Б.
  3. Ғимараттардағы вирустың концентрациясын анықтауға арналған талшықты-оптикалық датчикті зерттеу. Жетекшісі: Тогжанова К.О.
    ҒЗЖ орындаушысы: қауымд. профессор, PhD Қашаганова Г.Б.

 

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы жергілікті және республикалық деңгейдегі іс-шараларды өткізуге және ұйымдастыруға белсенді қатысады. Аталған іс-шараларда профессор-оқытушылар құрамының ғылыми әзірлемелері ұсынылды.

2025–2026 оқу жылында «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы барлығы 125 ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбек жариялады. Оның ішінде:

- 3 оқу құралы;

- 34 мақала: Комитет ұсынған журналдарда — 28, басқа басылымдарда — 1, Scopus базасына кіретін басылымдарда — 5;

- 60 баяндама: Қазақстан Республикасында өткен халықаралық конференцияларда — 8, республикалық конференцияларда — 12, шетелдік конференцияларда — 40;

- 28 авторлық куәлік.

Олардың ішінде 30 жұмыс студенттердің профессор-оқытушылар құрамымен бірлесіп қатысуымен жарияланды.

Кафедраның жас ғалымдарының 18 ғылыми жұмысы жарияланды. Оның ішінде: 3 мақала — Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған басылымдарда және 15 баяндама — шетелдік конференцияларда жарияланды.

2026 жылғы 26 ақпанда «Ақпараттық технологиялар» факультетінде Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттері мен магистранттарының ғылыми-зерттеу жұмыстарының жыл сайынғы конкурсы ұйымдастырылды.

«Ақпараттық жүйелер» кафедрасының студенттері Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары арасындағы студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсының I кезеңіне келесі жобаларды ұсынды:

  1. «Инклюзивті білім беру студенттеріне арналған АҚН оқу курсы бойынша оқыту веб-қосымшасын әзірлеу». 6B06101 — «Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасының 4-курс студенті Серікбаев Бекасыл Елдосұлы.
    Ғылыми жетекшісі: PhD, қауымдастырылған профессор Шайкулова Ақтоты Алиевна.
  2. «SmartATU оқу үдерісін басқару жүйесін әзірлеу: студенттердің оқу үдерісін сүйемелдеуге арналған мобильді қосымша құру». 6B06101 — «Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасының 4-курс студенті Әлімов Қазибек Куролбойұлы.
    Ғылыми жетекшісі: техника ғылымдарының магистрі Айтбаева Рахатай Бекбергенқызы.
  3. «Жасанды зерде негізінде автокөлік нөмірін тану жүйесін әзірлеу».
    6B06101 — «Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері Керімбекқызы Мунира және Қалдыбек Нышангүл Нұрғалиқызы.
    Ғылыми жетекшісі: техника ғылымдарының магистрі Мұқапіл Қайырхан.
  4. «Екі деңгейлі аутентификация жүйесін әзірлеу».
    6B06101 — «Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасының 4-курс студенті Нуран Жандос Маратұлы. Ғылыми жетекшісі: қауымдастырылған профессор Тоғжанова Күлжан Өндірісқызы.

I кезеңнің қорытындысы бойынша комиссия мүшелері жоғарыда аталған төрт студенттің ғылыми-зерттеу жұмыстарын 2025–2026 оқу жылындағы республикалық студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсының II кезеңіне қатысуға ұсынды.

2025–2026 оқу жылындағы республикалық студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсының қорытындысы бойынша 6B06101 — «Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасының студенті Нуран Жандос Маратұлы II орын иеленіп, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің II дәрежелі дипломымен марапатталды.

«Ақпараттық жүйелер» кафедрасында білім беру саласында ақпараттық технологияларды құру және кеңінен енгізу, сондай-ақ оқулықтар мен оқу құралдарын оқу үдерісіне енгізу қарастырылған.

Scopus, Clarivate Analytics дерекқорларына және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған басылымдар тізбесіне кіретін журналдардағы мақалалар санын арттыру жоспарлануда.

6B06101 — «Ақпараттық жүйелер» және 6B06104 — «Жасанды интеллект технологиясы» бакалавриат білім беру бағдарламаларының студенттері

Жоғары оқу орындары арасындағы республикалық пәндік олимпиаданың қорытындысы бойынша дипломдармен және сертификаттармен марапатталды.

Факультеттің кафедралары

Өмір мен оқиғалар туралы көбірек
біздің әлеуметтік желілерде
Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
8:30-дан 17:30-ға дейін байланыстамыз