Жетістіктер

«Ақпараттық жүйелер» кафедрасының студенттері CCNAv7: Маршрутизация және коммутация курсын сәтті аяқтап, Cisco желілік академиясының сертификаттарына ие болды.

Бүгін біз «Ақпараттық жүйелер» (АЖ) білім беру бағдарламасының студенттері Cisco желілік академиясы аясында CCNAv7: Маршрутизация және коммутация курсын сәтті аяқтағанын мақтанышпен хабарлаймыз. Бұл курс желілік технологиялар саласындағы беделді курстардың бірі болып табылады. Сертификаттарға ие болу студенттердің осы саладағы білімі мен кәсіби дағдыларын растайды.

Студенттер желілік технологиялар саласындағы жетекші компаниялардың бірі Cisco Systems компаниясының серіктестік бағдарламасы болып табылатын Cisco Networking Academy аясында білім алды. Бірнеше ай бойы олар коммутация мен маршрутизацияның негізгі қағидаларын меңгеріп, желілік құрылғыларды баптау мен басқаруды үйренді, сондай-ақ компьютерлік желілерді құру және оларға қызмет көрсету үшін қажетті хаттамалар мен технологияларды зерттеді.

CCNAv7: Маршрутизация және коммутация курсын аяқтау үлкен еңбекті, табандылықты және жоғары дайындықты талап етеді. «Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасының студенттері өздерінің кәсіби дағдыларын және жоғары нәтижелерге қол жеткізуге деген ұмтылысын көрсетті. Олар оқытушылар ұсынған тапсырмаларды сәтті орындап, оқу бағдарламасының барлық кезеңінен ойдағыдай өтті.

Cisco желілік академиясының сертификаттарын алу студенттердің жоғары кәсіби даярлығының көрсеткіші болып табылады және олардың желілік технологиялар саласындағы қажетті білім мен дағдыларды меңгергенін дәлелдейді. Бұл жетістік студенттердің мансаптық мүмкіндіктерін кеңейтіп, ақпараттық технологиялар саласында табысты кәсіби қызмет атқару перспективаларын арттырады.

6B06101-«Ақпараттық жүйелер»білім беру бағдарламасының студенттері Huawei ICT Competition 2025–2026 ұлттық финалының жеңімпаздарыатанды. Алматы технологиялық университетінің студенттері Computing Track бағыты бойынша өткен Ұлттық финалда жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды1-орын — «Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасының 4-курс студенті Бердібек Семсер, 2-орын — осы мамандықтың 3-курс студенті Сайлаубек Даниал. Жетекшілері: кафедар сеньор-лекторлары Мукапил Қайырхан және  Адильбекова Айжан .  Бұл жетістік АТУ-дағы IT бағытындағы білім беру бағдарламаларының сапасын және профессор-оқытушылар құрамының жоғары кәсіби деңгейін көрсетеді

 

 

Академиялық ұтқырлық

АЖ-25-15 тобының студенті Ерғазы Бекжан және ЖИТ-24-11 тобының студенті Талғатқызы Ақниет академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Габрово техникалық университетінде (Болгария) бір семестр білім алуда.

 

Галерея