
«Ақпараттық жүйелер» кафедрасында 31 штаттық қызметкер жұмыс істейді. Олардың қатарында 1 профессор, 1 профессор-зерттеуші, 4 қауымдастырылған профессор және қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы 2 қызметкер бар.
Сонымен қатар, кафедрада қосымша жұмыс істейтін 22 қызметкер еңбек етеді. Олардың ішінде 4 профессор, 4 қауымдастырылған профессор және 2 профессор ассистенті бар.
Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы жоғары кәсіби біліктілігімен және мол тәжірибесімен ерекшеленеді. Оқытушылар ғылыми-зерттеу жобаларына белсенді қатысады, оқу-әдістемелік материалдарды әзірлейді, инновациялық оқыту технологияларын енгізеді, сондай-ақ отандық және шетелдік білім беру және ғылыми орталықтарда тұрақты түрде тағылымдамадан өтеді.
Басты бет Жетістіктер Ғылыми-тәжірибелік қызметі Материалдық-техникалық база Оқу-әдістемелік жұмыс Баспа қызметі
Басты бет Білім беру бағдарламасы Материалдық-техникалық база Тәжірибе және жұмысқа орналасу Ғылыми-тәжірибелік қызметі Жетістіктер