Жыл сайынғы «Тұрақты дамудың әлеуметтік аспектілері» оқыту семинары

АТУ Құзыреттілік орталығы тұрақты даму саласындағы білім мен құзыреттер деңгейін арттыруға бағытталған жыл сайынғы оқыту семинарын ұйымдастырды. Аталған іс-шараға университет студенттері қатысты.

Семинар аясында келесі оқыту сессиялары өткізілді:

 «Тұрақты дамудың әлеуметтік аспектілері» тақырыбында. Дәріскер — Ұлтай Мұталипқызы. Оқыту семинары барысында әлеуметтік жауапкершілік, инклюзивтілік, адами капиталды дамыту және қоғам өмірінің сапасын арттыру мәселелері қарастырылды.

Аталған курстарды өткізудің негізгі мақсаты — студенттерде тұрақты даму қағидаттары туралы кешенді түсінік қалыптастыру, сондай-ақ оларды кәсіби қызметте практикалық тұрғыда қолдану дағдыларын дамыту болып табылады.

Семинар заманауи жаһандық сын-қатерлер жағдайында басқарушылық шешімдер қабылдау кезінде әлеуметтік факторларды ескеруге қабілетті мамандарды даярлауға бағытталған.

Осындай іс-шараларды өткізу әлеуметтік жауапкершілік деңгейін арттыруға, кәсіби құзыреттерді дамытуға және тұрақты даму қағидаттарын білім беру мен өндірістік үдерістерге енгізуге ықпал етеді.