Жыл сайынғы «Тұрақты дамудың экологиялық аспектілері» оқыту семинары

АҚ «АТУ»  Құзыреттілік орталығы тұрақты даму саласындағы білім мен құзыреттер деңгейін арттыруға бағытталған жыл сайынғы оқыту семинарын ұйымдастырды. Аталған іс-шараға университет қызметкерлері және профессор-оқытушылар құрамы (ПОҚ) қатысты.

Семинар аясында келесі оқыту сессиялары өткізілді:

«Тұрақты дамудың экологиялық аспектілері» тақырыбында.

Дәріскерлер: Жақыпова Инкар Борисовна және Жақсыбаева Гүлжан Сатжанқызы. Оқыту семинары қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және экологиялық жауапты тәжірибелерді енгізу мәселелерін қамтыды.

Аталған курстарды өткізудің негізгі мақсаты — студенттерде тұрақты даму қағидаттары туралы кешенді түсінік қалыптастыру, сондай-ақ оларды кәсіби қызметте практикалық тұрғыда қолдану дағдыларын дамыту болып табылады.

Семинар заманауи жаһандық сын-қатерлер жағдайында басқарушылық шешімдер қабылдау кезінде экологиялық факторларды ескеруге қабілетті мамандарды даярлауға бағытталған.

Осындай іс-шараларды өткізу экологиялық жауапкершілік деңгейін арттыруға, кәсіби құзыреттерді дамытуға және тұрақты даму қағидаттарын білім беру мен өндірістік үдерістерге енгізуге ықпал етеді.