«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы - 2026» конкурсын өткізу туралы
Құрметті оқытушылар!
Алматы технологиялық университеті «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2026» республикалық конкурсының жоғары оқу орны ішіндегі кезеңінің өткізілетінін хабарлайды.
Конкурстың мақсаты – профессор-оқытушылар құрамының кәсіби шеберлігін арттыру, оқу, ғылыми және инновациялық қызметін ынталандыру, сондай-ақ оқытушылық еңбектің беделін нығайту.
Конкурсқа Алматы технологиялық университетінің штаттық оқытушылары қатысуға шақырылады.
Конкурсты өткізу мерзімдері
I кезең – жоғары оқу орны ішіндегі кезең (2026 жылғы 5-23 қараша):
- 5-12 қараша – өтінімдерді беру және құжаттардың толық топтамасын ақпараттық жүйеге жүктеу;
- 13-16 қараша – сараптама тобының жұмысы және сараптамалық қорытындыларды дайындау;
- 17 қараша – жоғары оқу орнының конкурстық комиссиясының отырысы;
- 19-20 қараша – апелляциялық өтініштерді беру және қарау;
- 21-23 қараша – жоғары оқу орны ішіндегі кезеңнің нәтижелерін бекіту және қорытынды құжаттарды Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігіне жолдау.
II кезең – республикалық кезең (2026 жылғы 1-12 желтоқсан).
Өтінімдерді беру
Өтінімдер мен қажетті құжаттар конкурстың ақпараттық жүйесі арқылы қабылданады:
https://universitycontest2026.kz/
Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 16 наурыздағы № 124 бұйрығымен бекітілген «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру қағидаларына сәйкес өткізіледі.
Конкурс қағидалары:
https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1500010506
Байланыс ақпараты:
Конкурсқа қатысу және құжаттарды тапсыру мәселелері бойынша жауапты әкімшіге хабарласуға болады:
vasilina.g@atu.edu.kz
Алматы технологиялық университетінің профессор-оқытушылар құрамын конкурсқа белсенді қатысып, кәсіби, ғылыми және педагогикалық жетістіктерін ұсынуға шақырамыз!