Халықаралық ынтымақтастық аясын кеңейту: АТУ Ухань қаласындағы China Education Exhibition 2026 білім беру көрмесінде
Study inn Kazakhstan бастамасы аясында ҚР ҒЖБМ Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығының қолдауымен АТУ делегациясы Ухань қаласында (Қытай Халық Республикасы) өткен «China Education Exhibition 2026» Халықаралық білім беру көрмесіне қатысты.
Іс-шара Қытай, Сингапур, Малайзия, Италия, Ұлыбритания, Ресей, Испания елдерінің 50-ден астам жоғары оқу орындарының өкілдерін, соның ішінде Қазақстанның 2 университетін біріктіріп, білім беру мүмкіндіктерін ілгерілету, тәжіририбе алмасу және жаңа академиялық байланыстар орнату үшін халықаралық алаңға айналды.
АTУ-дың көрмеге қатысуы университеттің халықаралық деңгейдегі танымалдылығын арттыруға, қазақстандық жоғары білім беруді ілгерілетуге және халықаралық ынтымақтастық географиясын кеңейтуге бағытталған.
Көрме аясында АТУ өкілдері университеттің білім беру бағдарламаларын, шетел азаматтарына арналған оқу мүмкіндіктерін, академиялық ұтқырлықты және халықаралық білім беру мен ғылыми жобаларға қатысу мүмкіндіктерін таныстырды.
АTУ брендін халықаралық білім беру нарығында ілгерілетуге ерекше назар аударылды. Көрмеге қатысу университетті кең ауқымды халықаралық аудиторияға таныстыруға, оның білім беру бағдарламаларына деген қызығушылықты арттыруға және жоғары білім алудың перспективалы бағыты ретінде Қазақстанның имиджін нығайтуға мүмкіндік берді.
Іс-шараның маңызды нәтижесі шетелдік университеттердің өкілдерімен жаңа байланыстар орнату болды. Кездесулер барысында тараптардың білім беру және ғылыми мүмкіндіктері туралы ақпарат алмасу жүргізіліп, сондай-ақ студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығы, бірлескен білім беру бағдарламалары, ғылыми зерттеулер және халықаралық жобаларды іске асыруды қоса алғанда, екіжақты ынтымақтастықтың перспективалары алдын ала талқыланды.
«China Education Exhibition 2026» көрмесіне қатысу Алматы технологиялық университетінің интернационалдандыру стратегиясын іске асыру, халықаралық серіктестік байланыстарын кеңейту және жаһандық білім беру кеңістігіндегі позициясын нығайту жолындағы тағы бір маңызды қадам болды.
