Туристік бизнесті басқарудың заманауи стратегиялары: ҚШТИ студенттеріне арналған Traveler Group өкілінің қонақ дәрісі
Қазақстан-Швейцария туризм институтының (ҚШТИ) @ksit.almaty студенттеріне «Traveler Group» туристік агенттігінің қонақтармен жұмыс жөніндегі Менеджері Асқарова Інжудің «Туристік агенттікті тиімді басқару: табыстылықты арттыру мен бизнесті дамытудың заманауи стратегиялары» тақырыбында қонақ дәрісі өтті.
«Traveler Group» – 2013 жылы құрылған, Қазақстандағы алғашқы lifestyle-travel агенттігі болып табылатын табысты қазақстандық туристік компания.
Кездесу барысында студенттер заманауи туристік агенттікті басқару ерекшеліктерімен, табыстылықты арттырудың тиімді стратегияларымен, клиенттерді тарту әдістерімен және туристік бизнесті дамыту перспективаларымен танысты.
Қонақ дәрісі студенттерге кәсіби білімдерін кеңейтуге, туризм индустриясы өкілінің практикалық тәжірибесімен танысуға және туристік нарықтың заманауи үрдістері туралы түсінік алуға мүмкіндік берді.