АТУ алғаш рет Erasmus+ Capacity Building in Higher Education (CBHE) Халықаралық жобасының үйлестірушісі болды.

АТУ алғаш рет ERASMUS+ бағдарламасының «Capacity Building in Higher Education» (Жоғары білім беру әлеуетін арттыру) бағыты бойынша халықаралық жобаның үйлестірушісі және грантхолдері болды.

GreenTex жобасы - Green Innovation Network for Academic Excellence in the Sustainable and Digital Transformation of Textile Education in Central Asia - № 101323740, 36 айға есептелген, жобаның басталуы - 2027 жылғы қаңтар.

GreenTex жобасында университет алғаш рет халықаралық консорциумды басқарады және жобаны жалпы үйлестіруге, Еуропалық Білім және мәдениет Атқарушы Агенттігі - EACEA-мен өзара әрекеттесуге, жұмыс пакеттерін орындауға және серіктестердің шоғырландырылған есептілігіне жауап береді. Бұған дейін АТУ Erasmus+ халықаралық жобаларына серіктес және жеке тапсырмаларды орындаушы ретінде қатысқан.

GreenTex тоқыма білімін жаңғыртуға, дөңгелек экономика қағидаттарын енгізуге және Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстанның тоқыма саласын жасыл және цифрлық трансформациялауды дамытуға бағытталған.

Консорциум құрамына Орталық Азия және Еуропалық одақ университеттері кірді (Швеция- University of Borås, Литва - Vilnius Gediminas Technical University, Финляндия - Kajaani University of Applied Sciences).

 Жобалық өтінімді АТУ Халықаралық ынтымақтастық департаментінің командасы Дизайн, текстиль және киім технологиялары факультетімен (ДТжКТФ) бірлесіп дайындады.

АТУ-дың үйлестіруші мәртебесін алуы университет үшін маңызды жетістік болды және оның негізгі халықаралық білім беру бастамаларын жүзеге асырудағы және халықаралық мойындалудағы өсіп келе жатқан рөлін растау болды.

*Еуропалық одақ қаржыландырады. Алайда баяндалған көзқарастар мен пікірлер тек авторға (авторларға) тиесілі және Еуропалық одақтың немесе Еуропалық білім және мәдениет жөніндегі атқарушы агенттіктің (EACEA) ұстанымын міндетті түрде білдірмейді. Еуропалық одақ та, EACEA да олар үшін жауапты емес.