«Жоғары математика және физика» кафедрасының ұйымдастыруымен математика және физика пәндері бойынша пәндік олимпиадалар өтті
Олимпиадаға әртүрлі білім беру бағдарламалары бойынша білім алатын 1-2 курс студенттері қатысып, теориялық білімдері мен практикалық есептерді шешу дағдыларын көрсетті.
Математика пәнінен олимпиада қорытындысы бойынша:
– I орын – ТФП-25-30 тобының студенті Торекан Айжан Нуржанқызы, оқытушысы Таттибеков К.С.
– II орын – ТФП-25-30 тобының студенті Тайтанова Балауса Муратовна, оқытушысы Таттибеков К.С.
– III орын – ИС-25-15 тобының студенті Ертайқызы Ақерке, оқытушысы Идирисов Ж.
Физика пәнінен олимпиада қорытындысы бойынша:
– I орын – АиУ-25-12 тобының студенті Қали Әсемай Муканқызы, оқытушысы Шиникулова Г.Н.
– II орын – ТиКЛП-25-11 тобының студенті Мухтарова Маншук Турмагамбетқызы, оқытушысы Алдибекова А.Н.
– III орын – АиУ-25-11 тобының студенті Сәкенұлы Дарын, оқытушысы Шиникулова Г.Н.
Пәндік олимпиаданың негізгі мақсаты – студенттердің математика мен физика саласындағы теориялық білімін тереңдету, логикалық ойлау қабілетін дамыту, ғылыми-зерттеушілік қызығушылығын арттыру және болашақ кәсіби қызметіне қажетті құзыреттерін қалыптастыру.
