«Жоғары математика және физика» кафедрасының апталығы
Апталықтың ашылу іс-шарасы барысында студенттердің белсенді қатысуымен түрлі танымдық ойындар ұйымдастырылып, шығармашылық нөмірлер мен әндер орындалды. Шара студенттердің қызығушылығын арттырып, кафедра апталығының мазмұнды әрі әсерлі өтуіне ықпал етті.
Апталық аясында физика және математика пәндері бойынша студенттер арасында пәндік олимпиадалар мен интеллектуалдық сайыстар өткізілді. Сонымен қатар, кафедра оқытушыларының қатысуымен ашық сабақтар ұйымдастырылып, оқу үдерісіндегі заманауи әдіс-тәсілдер мен педагогикалық тәжірибелер ұсынылды.
Апталығының жабылуына арналған мерекелік іс-шара барысында апта бойы ұйымдастырылған олимпиадалар мен интеллектуалдық сайыстардың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткізілді. Сонымен қатар, студенттердің қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылып, іс-шара жоғары деңгейде қорытындыланды.
Жоғары математика және физика кафедрасы апталығы студенттердің білімге деген қызығушылығын арттыруға, шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамытуға, сондай-ақ оқу үдерісінің сапасын жетілдіруге зор үлес қосты.

