Жазғы мектеп аясындағы халықаралық академиялық ұтқырлық

АТУ-дың «6В04101 – Экономика» білім беру бағдарламасының 2-курс студенті Бахид Али М. Рысқұлов атындағы Қырғыз экономикалық университеті базасында өткен Еуразиялық желілік университеттің Жазғы мектебінен сәтті өтті.

Халықаралық білім беру бағдарламасына қатысу академиялық ұтқырлықты дамыту, жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайту және халықаралық білім беру кеңістігіне ықпалдасу жолындағы маңызды кезең болды.

Жазғы мектеп барысында қатысушылар шетелдік жоғары оқу орындарының өкілдерімен білім және тәжірибе алмасуға, кәсіби құзыреттерін кеңейтуге, сондай-ақ заманауи жаһандық академиялық орта жағдайында мәдениетаралық коммуникация дағдыларын дамытуға мүмкіндік алды.

АТУ білім сапасын арттыруға және халықаралық серіктестікті дамытуға бағытталған халықаралық білім беру бастамаларына білім алушылардың қатысуын қолдауды жалғастыруда.