Жасанды интеллект және білім беру: кім кімнен үйренеді?
Жасанды интеллект және білім беру: кім кімнен үйренеді?
Жасанды интеллект бүгінде заманауи өмірдің ажырамас бөлігіне айналды — деректерді талдаудан бастап оқытуды қолдауға дейін.
Бүгінгі күні ол тек білім алуға көмектесіп қана қоймай, білім беру үдерісінің жаңа қатысушысына айналуда.
Алматы технологиялық университетінде цифрлық технологияларды енгізу AI Sana бағдарламасы аясында белсенді түрде жүзеге асырылуда.
Coursera және Huawei компанияларымен серіктестік арқасында АТУ студенттері мен оқытушылары жасанды интеллект, машиналық оқыту және цифрлық құзыреттер бойынша курстарға тегін қол жеткізуде.
Қазірдің өзінде 8484 білім алушы осы бағдарламалар бойынша оқудан өтті — бұл цифрлық экономикаға дайын жаңа буын мамандарын қалыптастырудағы маңызды қадам.
1.ЖИ - бұл оқуға көмектесетін құрал.
2.ЖИ - адаммен бірге үйренетін серіктес.
3.ЖИ - білім беру жүйесін өзгертетін жаңа түрдегі ұстаз.
