«Жарық» жастар театры — «Мұқағали мәңгілік жыр»

«Жарық» жастар театры — «Мұқағали мәңгілік жыр»

Ертең сағат 18:00-де үлкен акт залында «Жарық» жастар театрының «Мұқағали мәңгілік жыр» атты спектаклі өтеді.

Қойылым қазақтың көрнекті ақыны Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналады. Поэзия, музыка және сахналық шеберлік арқылы көрермендер ақынның терең ішкі жан дүниесіне үңіліп, оның жүрекке жететін сырлы жырларын сезіне алады. Ақын мұрасы – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан мәңгілік құндылық.

Баршаңызды шабыт пен рухани әсерге толы ерекше кештің куәсі болуға шақырамыз!

Өтетін орны: үлкен акт залы.
Уақыты:18:00
Күні: 18.02.2026

Қош келдіңіздер!