«Жарық» студенттік театры «Мұқағали – мәңгілік жыр» атты поэтикалық кешін ұсынды

Жастар ісі департаментіне қарасты «Жарық» студенттік театры қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Мұқағали – мәңгілік жыр» атты поэзиялық кешін ұсынды.

Қойылымда махаббат пен поэзия терең үйлесім тауып, көрермендердің жүрегінен ерекше орын алды. Ақын шығармашылығы сахналық көріністер арқылы әсерлі жеткізіліп, қатысушыларға рухани әсер сыйлады.

Іс-шараға түрлі жоғары оқу орындарының өкілдері мен университет оқытушылары қатысты.