Жаңа жыл — тағы бір бірегей мүмкіндік!
АТУ-да Antalya Academy of Tourism (ATA/SGBI) базасында Swiss Geneva Business Institute халықаралық кампусымен бірлесіп, Экономика және бизнес факультетінің «Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» бағыты бойынша білім алатын студенттерге арналған қос дипломды білім беру бағдарламасы ашылды.
Бұл бірегей бағдарлама швейцариялық және америкалық білім беру стандарттарын, Түркияның мейрамхана-мейманхана саласындағы тәжірибесін және оқудың қолжетімді құнын үйлестіреді.
Неліктен АТУ және ATA/SGBI таңдау керек?
- Оқуды аяқтағаннан кейін екі беделді халықаралық дипломға ие боласың: АТУ-дың бакалавр дипломы және Swiss Geneva Business Institute-тің «Business Administration» мамандығы бойынша бакалавр дипломы;
- Оқу барысында Жерорта теңізі жағалауындағы 5 жұлдызды қонақ үйлерде тағылымдамадан өтесің, бұл Туризм академиясындағы жоғары кәсіби білім беру бағдарламасының маңызды бөлігі;
- Бизнес-администрлеу, мейманхана менеджменті, PR және маркетинг салаларын терең меңгересің, бұл болашақта қонақжайлылық индустриясында кез келген беделді қызметті атқаруға мүмкіндік береді;
- Әлемнің кез келген елінде мансап құруға шексіз мүмкіндіктерге ие боласың.