Жаңа ұрпақ және бизнестің болашағы: Orbis Group негізін қалаушы Фаррух Махмудовтың АТУ-дағы қонақ дәрісі

АТУ-да АТУ түлегі, «Orbis Group» холдингінің негізін қалаушы және Директорлар кеңесінің төрағасы Махмудов Фаррух Абдигапуровичтің «New Generation – New Trends and Opportunities for Future Business» («Жаңа ұрпақ - болашақ бизнестің жаңа үрдістері мен мүмкіндіктері») тақырыбында қонақ дәрісі өтті.

Фаррух Абдигапурович 1998 жылы Алматы технологиялық институтын «Қоғамдық тамақтану өнімдерінің технологиясы» мамандығы бойынша бітіріп, 2024 жылы «Тағам қауіпсіздігі» бағыты бойынша PhD дәрежесін алды. Біздің атақты түлегіміз Қазақстанның ірі әртараптандырылған холдингі - «Orbis Group» директорлар Кеңесінің негізін қалаушы және төрағасы болып табылады. 25 жыл табысты жұмыс істеген «Orbis Group» бүгінде 170-тен астам компанияны біріктіріп, 15 000-нан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Холдингтің негізгі қызметі Қазақстанда шоғырланған, холдингтің Өзбекстан мен АҚШ-та бөлімшелері бар.

Біз Фаррух Абдигапуровичке дәрісі үшін алғыс айтамыз және жаңа кездесулерді асыға күтеміз!

Ұйымдастырушылар: Тағам технологиялары факультеті, «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі және сапасы» кафедрасы