ҮЗДІК СТУДЕНТ 2026

Жыл сайынғы «Үздік студент-2026» байқауына өтінім ұзартылғанын қуана хабарлаймыз! Университеттің оқу, ғылыми-зерттеу, қоғамдық жұмыс, спорттық, мәдени өмірінде жетістіктері жетерлік АТУ 2-5 курс студенттерін қатысуға шақырамыз.

Қатысуға өтінімдерді қабылдау 2026 жылғы 30 наурызға дейін жалғасады!

Қатысу үшін «Менің жетістіктерім – менің нәтижем» портфолиосын дайындап, Төле би көшесі, 100, мекенжайы бойынша бас оқу корпусы, 1211 кабинет «Эндаумент АТУ» корпоративтік қорына ұсыну қажет.

Байқау жеңімпаздарына «Үздік студент 2026» сертификаттары және қордан стипендиялық гранттар табыс етіледі.

Қосымша сұрақтарыңыз болса: +7 702 495 2334 Асель Болатқызы