Запастағы офицерлер мен сержанттардың бағдарламалары бойынша оқу үшін үміткер студенттерді конкурстық іріктеу
ХАБАРЛАНДЫРУ!
2024 жылғы 15-25 шілде аралығында "Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ" КЕАҚ Әскери іс институтында (әскери кафедрада) запастағы офицерлер мен сержанттардың бағдарламалары бойынша оқу үшін үміткер студенттерді конкурстық іріктеу өткізіледі.
Өтініш берген және медициналық куәландыру карталарын тапсырған студенттер кәсіби-психологиялық тестілеуден және дене шынықтыру дайындығын тексеруден өтеді.
Кәсіби-психологиялық тестілеуді тапсыру кестеге сәйкес Әскери істер институті (әскери кафедра) базасында жүргізіледі.
Кәсіптік-психологиялық тестілеуден өткен үміткерлер келесі кезеңге - дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді тапсыруға жіберіледі.
Конкурстың әр кезеңінен бір рет өтуге жол беріледі.
Кәсіптік-психологиялық тестілеуді тапсыру кестеге сәйкес Алматы қаласы, Байтұрсынов көшесі, 140 (Әскери істер институтының (әскери кафедраның) ғимараты мекенжайы бойынша жүзеге асырылады.
Дене дайындығын тексеру "Нархоз" университетінің стадионында Алматы қаласы, 10 шағын аудан, Юрий Ким көшесі, 9 мекенжайы бойынша кестеге сәйкес жүзеге асырылады.
Конкурс кезеңдерінің нәтижесімен келіспеген студент сол күні іріктеу комиссиясының төрағасына жазбаша өтінішпен (еркін нысанда) жүгінеді.
2024 жылы «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КЕ АҚ Әскери істер институтына оқуға түсу үшін студенттердің-кандидаттардың кәсіби-психологиялық тест тапсыру және дене даярлығын тексеруді өткізудің КЕСТЕСІ
Институт (универитет) атауы |
Тест өткізудің күні, айы |
Дене даярлығы бойынша нормативтерді тапсырудың күні, айы |
Автоматика және ақпараттық технологиялар институты (тегі А-дан Н-ге дейін) |
15.07.2024 г. |
16.07.2024 г. |
Автоматика және ақпараттық технологиялар институты (тегі Н-дан Я-ға дейін) |
16.07.2024 г. |
17.07.2024 г. |
Тау-кен институты |
17.07.2024 г. |
18.07.2024 г. |
Геология және мұнай газ ісі институты |
||
Жобаларды басқару институты |
18.07.2024 г. |
19.07.2024 г. |
Сәулет және құрылыс институты |
||
Көлік инженериясы және логистика мектебі |
||
«КИМЭП» университеті |
||
Еуразия технологиялық университеті |
||
Энергетика және машина құрылысы институты |
19.07.2024 г. |
20.07.2024 г. |
Қазақ-Британ техникалық университеті |
||
Алматы энергетика және байланыс университеті (тегі А-дан Н-ге дейін) |
22.07.2024 г. |
23.07.2024 г. |
Алматы энергетика және байланыс университеті (тегі Н-дан Я-ға дейін) |
23.07.2024 г. |
24.07.2024 г. |
Алматы технологиялық университеті |
||
«Туран» университеті |
||
Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті |
24.07.2024 г. |
25.04.2024 г. |
Студент қыздар |
ҚҰРМЕТТІ КАНДИДАТТАР!!
Сізге алғашқы күрделі сынақтан өтуге қажет – бұл психологиялық тестілеу.
Психологиялық тестілеу әскери мамандығы мен Сіздің моральдық қасиеттерінің сәйкестігін анықтау үшін бағытталған. Осымен қатар, Сіздің резервтік мүмкіндіктер мен жеке профессионалдық қасиеттерін анықтайды.
Берілген психологиялық тестілеу компьютерде 60 минуттан кем емес өткізіледі. Тестілеу соңында экранда тест қорытындысы шығады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!
ТЕСТІЛЕУДЕН ӨТУ ҮШІН БІР ҒАНА МҮМКІНДІК БОЛАДЫ!
Психологиялық тестен өту үшін келесі нұсқауларды білу қажет:
1.Тестілеу өткізілетін аудиторияға ұялы телефон, қалам мен қарындаштарды кіргізуге болмайды.
-
Тестілеу алдында тестілеуге жауаптыны мұқият тыңдап алыңыздар. Тестілеу барысында сұрақ қоюға болмайды.
-
Денсаулық күйі нашар боған жағдайда тестілеуге қатыспаңыз. Жауаптыға бұл жағдайды тестілеудің басталмаған уақытта айту қажет.
-
Өздеріңізге ыңғайлы тестілеу тілді таңдаңыз - қазақша немесе орысша. Психологиялық тестілеуге жауаптының ведомостінде қажетті белгіні таңдаңыз.
-
Өздеріңіз жайлы ақпаратты мұқият толтырыңыз.
-
Сұрақтарға жауап беруден бұрын сұрақтарды мұқият оқып алыңыздар.
-
Мұқият қараңыздар, келесі сұраққа жауап берген кезде алдыңғы сұрақты ашуға мүмкіндік болмайды.
-
Шын жауап беруге тырысу қажет, ойыңызға бірінші келген жауапты жазыңыз.
-
«Жағымсыз» және «жақсы» жауаптар болмайтынын есте сақтаңыздар.
-
Тестілеу уақытында сөйлесуге, сұрақтарды дауыстап оқуға, аудиториядан шығуға, телефон қолдануға және басқа компьютердің мониторына қарауға БОЛМАЙДЫ.
-
«Қорытындыны сақтау» белгісі шыққаннан кейін, сізге қол көтеріп, психологиялық тестілеуге жауаптыны күту қажет. Психологиялық тестілеуге жауапты бос болмаған сәтте, оны сәл күтуіңіз қажет.
Өзіңізге жауаптарды ашуға, компьютер сөндіруге, немесе басқа терезелерді ашуға БОЛМАЙДЫ.
-
Тестілеуден кейін ведомості толтыруыңыз қажет.
БЕРІЛГЕН ЕРЕЖЕЛЕРДІ БҰЗҒАН ЖАҒДАЙДА СІЗ АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ ҚАБЫЛДАУ КЕЗЕҢДІ ТАПСЫРМАҒАНЫ БОП ЕСЕПТЕЛЕСІЗ
ҚҰРМЕТТІ КАНДИДАТТАР!
Сізге конкурстық іріктеуінің үшінші кезеңнен өтуге қажет - бұл дене тәрбиесі дайындығынан нормативтерді тапсыру кезеңі. Дене тәрбиесі дайындығынан нормативтері келесі нормативтер арқылы қабылданады:
* Студент – жігіттер үшін дене тәрбиесі бойынша нормативтер
№ р/с |
Бақылау жаттығулары |
Баға |
||
«5» |
«4» |
«3» |
||
1. |
100 м (с) жүгіру |
14,2 |
14,5 |
15,0 |
2. |
3000 м (мин) жүгіру |
13,00 |
15,00 |
16,00 |
3. |
Жоғары барда тарту (саны қанша рет) |
12 |
10 |
9 |
* Студент – қыздар үшін дене тәрбиесі бойынша нормативтер
№ р/с |
Бақылау жаттығулары |
Баға |
||
«5» |
«4» |
«3» |
||
1. |
100 м (с) жүгіру |
16,0 |
16,5 |
17,0 |
2. |
2000 м (мин) жүгіру |
10,00 |
11,3 |
12,2 |
3. |
Денені шалқасынан жатып, қолын бастың артына көтеру (саны қанша рет) |
25 |
20 |
15 |
Дене тәрбиесі дайындығы бойынша норматив жеке бағаланады. Дене тәрбиесі дайындығы бойынша жалпы балл үш денешынықтыру тапсырма арқылы бағаланады. Қорытынды баллын шығарған кезде «қанағатсыз» бағасы нөл болып есептелінеді. Кандидат келесі кезеңге өту үшін денешынықтырудан жалпы 8 балл жинау қажет.
9 балл жинай алмаған кандидат келесі кезеңге өте алмайды.
Қорытынды кезеңнің аяқталғаннан кейін шығарылады. Дене тәрбиесі бойынша дайындығын қайта тапсыруға БОЛМАЙДЫ, сондықтан келесі нұсқауларды орындау қажет:
-
Емтихан алушылардың қауіпсіздік сақтау ережелері бойынша нұсқауларды және нормативтер жөнінде талқылауларды мұқият тыңдаңыздар.
-
Егер норматив тапсырған кезіңде денсаулық күйлеріңіз нашар болса, бұл туралы емтихан алушыларға айтуыңыз қажет.
-
Өзіңізге ыңғайлы спорттық киімді таңдап алыңыз.
-
Нормативті тапсыру алдында дене жаттығуларды жасаңыз.
-
Нормативті тапсырғаннан кейін ведомості толтыруыңыз қажет.