«Заң және тәртіп» ашық кураторлық сағаты

«Тағам өнімдерінің технологиясы» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, т.ғ.к. А.И. Матибаева студенттермен тәрбие жұмысын нығайту және құқықтық мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Заң және тәртіп» тақырыбында кеңейтілген ашық кураторлық сағат ұйымдастырды. Іс-шараға арнайы шақырылған қонақ – ЖПКБ ЮПБ ӨҚБ полиция майоры Чайбекова Нургуль Оспанбековна жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық орындардағы тәртіп нормалары, студенттердің құқықтары мен міндеттері жөнінде мазмұнды ақпарат ұсынды.

 

Кураторлық сағат барысында студенттер заң талаптарының күнделікті өмірде қаншалықты маңызды екенін түсініп, өздерін қоғамның белсенді әрі жауапты азаматы ретінде сезінуге мүмкіндік алды. Нургуль Оспанбековна нақты өмірлік мысалдар келтіре отырып, құқықтық сауаттылықтың әрбір азамат үшін маңызы зор екенін атап өтті. Сонымен қатар, іс-шарада академиялық ортадағы тәртіп ережелері, университеттің ішкі қағидалары, қауіпсіздік талаптары талқыланып, студенттер көкейдегі сұрақтарын қойып, кәсіби маманнан жан-жақты жауап алды.