«Заң мен тәртіп» жобасының қорытынды конференциясы

Алматы технологиялық университетінің «АТУ жастары» командасы республикалық «Заң мен тәртіп» жобасының қорытынды конференциясына қатысып, 100 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықпен және дипломмен марапатталды!

Бұл жетістік — жастардың белсенділігінің, жауапкершілігінің және қоғамдық өмірге қосқан үлесінің нәтижесі.

Командамызды лайықты марапатымен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да толағай табыстар мен жаңа жетістіктер тілейміз!